15
ноябрь
2023
"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Туған өлкем" айдары негізінде 11 сынып оқушылары Түркістан қаласына саяхатқа барып қайтты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 117 "Алтынтөбе" жалпы орта білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Туған өлкем" айдары негізінде еліміздің мәдени дәстүрлеріне деген құрмет сезімдерін дамыту мақсатында 11 сынып оқушылары Түркістан қаласына саяхатқа барып қайтты. Саяхат барысында оқушылар ер түріктің бесігі атанған қаланың қасиетті орындарында болып тарихи жәдігерлермен танысты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын саяхаттан оқушылар ерекше әсер алып, көңілді оралды.




