06
декабрь
2023
Құрметті әріптестер және ұлағатты ұстаздар!!! Биыл ресми түрде бекітілген төл мерекеміз - Мұғалімдер күні баршамызға құтты болсын!!! 🌹🌹🌹 Осы мереке қарсаңында өзімнің аяулы ұстаздарым туралы естеліктермен бөліскім келеді.
Құрметті әріптестер және ұлағатты ұстаздар!!!
Биыл ресми түрде бекітілген төл мерекеміз - Мұғалімдер күні баршамызға құтты болсын!!! 🌹🌹🌹
Осы мереке қарсаңында өзімнің аяулы ұстаздарым туралы естеліктермен бөліскім келеді.
Біздің отбасы мұғалімдер отбасы болды, негізі менің алғашқы ұстазым өзімнің апам (нағашы әжем) Қымбат Айнатайқызы Сағынбаева және апкем Алия болды, апам бүкіл ғұмырын мектепке арнады, 40 жылдан аса еңбек өтілі болса, соның 28 жылын мектеп директоры қызметін атқарды, шәкірттері өте көп, кішкентайымнан апаммен, әпкеммен бірге мектепте жүретінмін, әпкем 1965 жылғы бірінші сыныпты оқытады, еңбек, сурет сабақтарында мені соңғы партаға отырғызып қоятын. Сөйтіп жүріп келесі 1973 жылы №24 Жамбыл Жабаев атындағы мектепке бес жасымда құрбыларымның барлығы оқып кеткен соң мен де бірінші сынып партасына отырыппын. Алғашқы ұстазым Ұлбосын Пілалқызы Шубалаева апайым айтып отыратын алғашында журналға жазбай жүрдім үлгермейтін шығар деп, үлгеріп оқып кеткен соң, жаңа жылдан кейін журналға жаздым деп күледі (ол кездерде солай бола береді екен-ау) Алғашқы ұстазым, сол кезде жас маман екен, ол кісіге мың тағзым етемін!!!🌸🌸🌸 Апайым қазір құрмет демалысында, немере-шөберелерінің ортасында бақытты әже болып жүр. Сол оқу ордасы біз үшін өте ыстық, ұстаздарымды әрдайым құрметпен еске аламын. Одан кейінгі сынып жетекшіміз Рыскул Абишева апайымызды да құрметпен еске алып отырамын. Ол кісілердің еңбектері ұшан теңіз ғой...
Кейіннен 9 сыныпта №15 Ф.Э. Дзержинский атындағы мектепке ауысып 1983 жылы бітіріп шықтым. Бітіруші сыныптағы сынып жетекшіміз Рахымбай ағайды және директор ағайымыз Әлібай ағай керемет кісі еді, орынбасарлар Сапархан ағай, Жаппар ағай, пән мұғалімдеріміз Серік ағай, Сұлушаш апай, Қасым ағай, Жомарт ағай, Назира апай, Жамалхан ағайларымыз але жадымызда...Әуелде қатал көрінгенмен қамқоршы болған ұстаздарымызды бала көңіл қайтіп ұмытсын?
Менің осы ұлағатты жолды таңдауыма жоғарыдағы ұстаздарымның тәлімі түрткі болғаны сөзсіз.... Бүгінгі осы дәрежеге жетуіме де ол кісілердің үлесі өте зор....
Біздің бар еркелігімізді көтере білген, анамыздай ақылын аямай, бар білгенімен бөліскен барша ұстаздарымызға ерекше алғысымды білдіргім келеді!!!🌹 Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес шәкірті. Сондықтан мен үшін орны ерекше ұстаздарыма шәкірті ретінде ұстаз деген – ұлы есімнің жоғары үлгісін танытқандарыңыз үшін тағзым етемін!!!🌷🌷🌷
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — дегендей ұстаздардың еңбегі ерен. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!!!
Қымбатты да аяулы Ұстаздар, құрметті әріптестер Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекеміз ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!!!💐💐💐