ҰЛЫЛЫҚ БАСТАУ АЛҒАН ҰЛЫ ЕСІМ! Аса қымбатты менің ҰСТАЗдарым, қадірлі әріптестерім!!! 2023 жылдан бастап , ұстаздардың кәсіби мерекесі, "Ұстаздар күні" 5 қазан болып бекітілді. » «№117 Алтынтөбе» жалпы орта мектебі» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№117 Алтынтөбе жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 28-08-60
Есепші бөлімі:
+7(72) 28-08-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰЛЫЛЫҚ БАСТАУ АЛҒАН ҰЛЫ ЕСІМ! Аса қымбатты менің ҰСТАЗдарым, қадірлі әріптестерім!!! 2023 жылдан бастап , ұстаздардың кәсіби мерекесі, "Ұстаздар күні" 5 қазан болып бекітілді.
06
декабрь
2023
0

ҰЛЫЛЫҚ БАСТАУ АЛҒАН ҰЛЫ ЕСІМ! Аса қымбатты менің ҰСТАЗдарым, қадірлі әріптестерім!!! 2023 жылдан бастап , ұстаздардың кәсіби мерекесі, "Ұстаздар күні" 5 қазан болып бекітілді.

ҰЛЫЛЫҚ БАСТАУ АЛҒАН ҰЛЫ ЕСІМ!

Аса  қымбатты менің ҰСТАЗдарым, қадірлі әріптестерім!!!
  2023 жылдан бастап , ұстаздардың кәсіби мерекесі, "Ұстаздар күні" 5 қазан болып бекітілді. Ұстаздар күніне орай Қазақтан Республикасының Оқу-ағарту  министрі Ғани Бейсембаев Бектайұлы және әріптес N 58 мектеп директоры  Бейсен аға жолдаған "Ұстазым менің, ұстазым!" челленджін зор құрметпен қабыл ала отырып, өз ұстаздарымды еске алып отырмын…
Ұстазға деген сағыныш менің де жүрегімде мәңгіге сақталары сөзсіз. Өйткені алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, мейірімін төгіп, аялы алақанымен басыңнан сыйпап, білім нәрімен сусындатқан бастауыш сыныпта сабақ берген Орынбек есімді ұстазым,мектеп директоры болған Тастанов Рахымберді ағайымды, Эмадия,Қарлығаш, Гулсара,Шарипа ,Алтын, Хафиза,Раушан,Ақжарқын, Анар , Қалдыгүл ,Салима ,Гуланда апайларымды ,Нурмахан ,Сабыр, Құдайқұл  , Білісбек, Амангелді ,Батырбек, Бәйден, Есенәлі ,Смайл, Еркін ,Құдайберген есімді ұстаздарымды қалай ұмытамын?  
     Ең басты ұстазым ,әкем Шалқаров Анарбек және анам Мадина болды.  Баланың бас ұстазы— ата- ана !- дегені рас қой .Сабақты бала күнімнен таңғы бесте тұрып оқуды дағдыландырған ата -анам болатын , бір оқысаң түсіне қаласың, мектеп бағдарламасындағы оқулықтарда толық айтылмаған ,деп әкемнің кітаптарын оқып , кең көлемде дайындалатынмын.Ұстаздарымның көпшілігі әкемнен үлкен немесе құрдастары, курстастары болатын.., сондықтан да ол кісілер бақилық болды,  әкең өлсе өлсін, көзін көрген өлмесін ,-демекші бұл Ұстаздардан тәлім тәрбие алған шәкірттер еліміздің барлық өлкелерінде еңбек етуде. Еңбек жолымды да өз мектебімде Ұстаздарымның жанында бастаған мен де 36 жыл еңбек етіп ,54 жасқа таяп  келемін ..,Елге барғанда ең алғаш әкем мен анаммен ұстаздарым жайлы сұрап, жаңалықтарын біліп отыратын едім, ол кісілер де қызықтыра айтып өткен кеткенді айтып әңгіме құратынбыз .Ең бақытты , қызықты қимас сәттерім N 3 Ж.Жабаев (қазір N 75) атындағы мектеп қабырғасында өтті, сол балалық шақ пен жастық шақтағы ұстаздарымды сағынышпен еске аламын ,менің асыл да ардақты, аяулы ҰСТАЗдарыым! 
               N 91 мектептің  бас ұстаздары: 
1.  Нодирбеков Олимбек 1990-1994 қыркүйек айында зейнетке шықты..,
2.   Гүлхан Айнабекова  1994- 2002 ақпан айында дүниеден озды..,
 3.    Ұзақова.   2002 ақпаннан сәуірдің 19 на дейін директор  міндетін атқарды..,
  4.     Қошаналиев Қайрат 2002 жылдың 19 сәуірінен -30 тамызына дейін..,
 5.      Құрбанәлі Кенжебаев 2002 жылдың 31 тамызынан 2005 жылдың қыркүйек айында ауысты..,
6.      Нурметова Феруза 2005 жылдың  қыркүйек, қазан, қараша айларында директор міндетін атқарды..,
7.       Тоғжан Қырықбаева 2005ж желтоқсаннан-2006ж желтоқсан айына дейін..,
 8.      Сулейменов Ұласқожа 2006ж. желтоқсан айынан -2007ж.наурызына дейін..,
 9.      Ақерке Кашкинова  2007ж. наурызынан-2011ж  17 желтоқсанына дейін..,
 10.    Жанат Джетенқызы  2011ж.17желтоқсанынан-2013 жылдың 27 мамырында дүниеден озды(денсаулығы болмайтын)
11.    Дүрен Балжан Анарбекқызы  2013 ж.маусым айынан желтоқсан айына дейін директор міндетін атқарып, 2013 желтоқсан айынан-2022жылдың 08 тамызына дейін директор қызметін атқардым,         2013 жылдан  - 08 тамыз 2022 жылға дейін  9 жыл бір мекемеде директор қызметінде болғандықтан , ротациямен N 106 “Қайнарбұлақ”жоббм ауыстым.
                     Мен үшін , маған дейін бас ұстаз болған азаматтар менің Ұстаздарым, әрбірінен тәжірибе жинадым,  1987ж бастап аға пионер вожатый, бастауыш сынып мұғалімі ,1994 жылы осы мектепке орыс тілі және бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданып, 2005жылдан директордың тәрбие, оқу ісі орынбасары қызметтерін атқардым , 36  жылдық пед. өтілімнің 29 жылын осы ұжымдастармен бірге  сатылап қызметтес болыппын.., тәжірибе жылдармен жинақталады екен..,  жақсымен де жаманмен де кез болып, қазір өткенді еске алсам, таң қаламын мектептің есігін таңертен ерте  ашып, кешке соңында жабуды маған жүктеген еді, сонда да жауапкершілікпен орындаған екенмін…  неше түрлі қызық та, шыжық та өтті-  ау..,  киімі жоқ баланы киіммен, ән айтып би билейтін оқушыларға өзіміз міндет етпей қарастырып неше сахна мен байқауларға апардық… шүкір қазір елдің жағдайы жаман емес🙏 тек адамгершілік пен мейірім, шынайылық  болса деймін. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

         N91 жоббм      ардагер зейнет жасындағы ұстаздары : 
          Нуриддинов Зайниддин ағай, 
          Махмудов Әуесхан ағай
          Машрапов Мурадәлі ағай, - үш ағамыз дүниеден озып кетті, өте жақсы ұстаз, жақсы адамдар еді… ұрпақтарымен мың жасасын!

           Рахимова Махбуба апай,
Таджибаева Балтагүл апай
Тұрсынбай Сарагүл апай,
Мамбетова Бибігүл апай,
Таджибаева Балта апай,
Молдакулова Жаңыл апай,
Багисбекова Назира апай,
Миромарова Карима апай,
Утабаева  Гульнара апай, 
Мирзабекова  Гулжахан апай,
Ранова   Мариям апай 
              — ұстаз апайларымызға берекелі ғұмыр , дендеріне саулық берсін, үлкен берекетті әулеттің дана ақ әжесі болып отыру нәсіп болсын!
        бұл ұстаздардан басқа да ұстаздар болған , бұл азаматтар осы мектептен зейнет жасына дейін қызмет жасағандар, ал тағы бірнеше ұстаздар бірнеше жыл жұмыс жасағанымен басқа білім ордаларынан зейнетке шыққан болатын, мұғалім тапшы кезде ауыс - түйіс көп болып жатты,
         бірнеше ұстаздарымыз  сынып сыйымдылығы қысқарған уақыттарда  сайрам тұрғын алабындағы басқа мектептерге ауысып, өз қызметтерін жоғары дәрежеде атқаруда, көрші болған мектеп басшыларына , әріптес болғанымен , мен үшін Ұстаз болған азаматтарға да алғысым шексіз,ақылдарын айтып , тәжірибелерімен бөлісіп қолдау көрсеткендеріне🙏🙏🙏

                       Аллаға шүкір 2022ж.8 тамызынан N 106 мектебіне ротациямен ауысып ,міне бір жылдан өтіп бара жатқан уақыт , осы арада  2023ж. 05. қазанына дейінгі  5 ардагер зейнет жастағы ұстаздарды да мақтанышпен айта отырып, алғыс айтқым келеді, қолдау көрсетіп, ақылдарын айтып,бізге демеушілік жасап , іс-шараларымызға,  мектеп өміріне етене араласып жүрген жайлары бар  , бұл азаматтар : 
                   Қияс апай,
Қапашева Нағима апай,
Торланбаева Кулзира апай,    
Қазыбай Есенбай ағай
Абилова Алия апай  
          есімді  ардагер  ұстаздармен әріптес болған ,жаны жайсан жандарға да айтар алғысым шексіз🙏 ұстаздардың ұстазы деген атқа лайықты жандар!!! Енді осы аға , апаларымыздың соңынан абыроймен ауыртпай, алжытпай зейнет жасына жетуді нәсіп етсін!!!

             Құрметті адам жанының бағбаны  — бас ұстазымыз Жанат Арысбекқызы және  Сіздің басқарып отырған ұжым мүшелері , барша әріптестерім, 5 қазан Ұстаздар мерекесі құтты болсын!!! Адал еткен еңбектеріңіз табысты болып, халықтың баласына сапалы білім, саналы тәрбие  беру жолында еңбектеріңіз еленіп, кемел ұстаз атана беріңіздер!!! Жандарыңызда шынайы дос, жақсы жандар болсын!  Мынау қысқа ғұмырда абырой биігінде, сыйластықта болайық.Ел аман, жұрт тыныш болсын!Біздің балаларымыз білімді, білікті, бейбіт заманның ұрпағы болсын.
  Осы челленджді  (бастаманы) Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектептердегі  барша әріптестеріме жолдаймын.
                            Әріптестеріңіз  -  
                   Балжан Анарбекқызы.


Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив